- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Перделері сыртында орналасқан...
Перделері сыртында орналасқан ғимарат
Фото:
boredpanda.com
Біріккен Араб Әмірлігі таңғажайып ғимараттарымен әлемге әйгілі. Көкпен таласқан, неше түрлі түске бөленген, ерекше формалы сарайлар бұл елдің өңін аша түсетіндей. Бұл жолы ел астанасы Абу Даби қаласында мынадай ғимарат пайдалануға берілген екен.
Ғимарат 2012 жылы бой көтере бастаған, оның биіктігі 145 метрді құрайды. Бұл ғимарат басқа саралардан өзгеше. Ғимараттың қабырғасы тастардан емес, әйнектерден қаланған. Терезе есебінде жасалған бұл әйнектер күн сәулесі түспеу үшін арнайы жапқыштармен жабдықталған. Яғни, геометриялық пішіндермен жасалған. Егер бөлмеге күн түссе, тұрғын бөлмеде отырып сыртқы пердені ашып жаба алады.
Г. Берік