- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Парижді су алып...
Парижді су алып жатыр
Париждегі Сена өзені қатты жауын-шашын салдарынан арнасына сыймай тасып, жағалау суға толды. Дүйсенбі күні судың деңгейі 5,84 метрге көтерілді. Бұл Сенаның қалыпты деңгейінен төрт метрге жоғары.
Париж бен оған жақын жерлерден 1500 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Сондай-ақ, сол 1500 шамасындағы үйде электр энергиясы өшкен. Париж мұражайларындағы бірнеше көрме уақытша жабылды. Бұл Сенаның алғаш рет тасуы емес. 2016 жылғы су тасқыны кезінде су деңгейі 6,1 метрге жетті. Қазір қалада қозғалыс ішінара шектелген. Париж метрополитені негізгі желісінің жеті станциясы кем дегенде 5 ақпанға дейін жабылады. Танымал Bateaux Mouches аталатын туристік кеме жұмыс істемейді. Өзенде жүру тек төтенше жағдайларда қызмет көрсетушілерге ғана рұқсат етілген.Су тасқыны салдарынан Луврдегі ислам өнері экспонаттарының жер асты галереясы да жабылды.
Синоптиктердің болжамдарына сәйкес, су деңгейі аптаның соңына дейін жоғары болады, өйткені аталған аймақта жаңбыр күтіледі.
Париждегі ең үлкен су тасқыны 1910 жылы орын алды. Ол кезде Сена өзені суының деңгейі бірнеше күн бойы жауған қатты жаңбырдан кейін 8 метрден асып кеткен болатын. Қаланың көшелері арналарға айналды, қала инфрақұрылымы айтарлықтай шығынға ұшырады. Оқиға сол кездің өзінде таспаға жазыған екен. Назар салыңыз, оқырман!
А. Оралқызы