Американың Кентукки штатында осыдан 340 миллион жыл бұрын өмір сүрген акуланың бас сүйегі табылды.
2019 жылы қарашада эколог Рик Олсон мен палеонтолог Рик Туми бірігіп "Мамонтов үңгірі" атты ұлттық саябақта қазба жұмыстарын жүргізіп, ежелгі акуланың тас боп қатып қалған бас сүйегін тауып алған. Бұл жаңалық танымал палеонтолог Джон-Пол Ходнеттаның құлағына жетіп, ол да акуланың нақты түрі мен белгілерін анықтау үшін үңгірге аттанған көрінеді.
Палеонтологтың айтуынша, үңгірден табылған акуланың түрі Saivodus striatus болуы мүмкін. Бірақ үңгірдің ішінен басқа да акуланың сүйектері табылған.
- Үлкен байлыққа кенелгендейміз. Қалған сүйектерін тауып, алып пазлды құрастырып шығуымыз керек. Мамонтов үңгірі көне қазынаның нағыз ордасы болып шықты, - дейді Ходнетта.
Енді палеонтологтар бірігіп, зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысын 2020 жылы Огайо штатында өтетін жиында таныстыруды жоспарлап отыр.