Биік қабырғалар мен көпірлердің, зәулім үйлердің құзар ұшына шығып алып, саусақпен тұру және білезікпен қол қимылын жасау – мұның бәрі де Александр Русинов үшін қорқынышты емес. Бүгінде ресейлік экстремал Ресейді аузына қаратып ғана қоймай, сонымен бірге Еуропаны тәнті қылып отыр.
Саратов өңірінің 19 жасар тумасы Александр Русинов Yamakasi секілді кинолар мен қулық-сұмдықтарды (трюк) көрсететін бейнетаспаларды қараған соң, жаттыға бастаған. Алғашқыда мектеп спортзалдары мен балалар алаңқайларын жаттығу алаңына айналдырса, кейіндеу Саратовтың көрікті мекен орындарына ауыса бастапты. Еділ өзенінің көпірінде саусақпен тұру, кеңестік уақыттың ескі ғимараттарына іліну, үйлердің төбелері мен шатырдан шатырға секіру секілді қимыл әрекеттерін еш қауіпсіздік белгілерінсіз жасай бастаған.
Русиновты талай рет БАҚ өкілдері сұхбатқа шақырған. Ресейлік экстремал әр жолы қауіптен қорықпайтынын және мұның бәрі жерде жасап жатқандай әсер қалдыратынын алға тартқан. Саратовтық өрмекші адам журналистерге өзін және өзінің мүмкіндіктерін бағамдап көретінін, ал қауіп-қатер жүрегіне ұлы күш құятынын айтқан.
Александрдың отбасы алғашқыда бұл ермекке қарсы болған көрінеді. Бірақ қазіргі таңда ұлдарының қулық-сұмдықтарын қызыға әрі таңдана қарап отырады екен. Әсіресе, қарт әжесі немересінің өз жолын тауып, танымал болғандығына қатты қуанып жүр.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/UIJUKIe4OcY","width":"450","height":"338"});
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/rwbExSqFF_o","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: vk.com