- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Орманға оранған үй...
Орманға оранған үй
10-қабатта тұратын тұрғын балконына шығып, ағаштарына су құюы мүмкін бе? Мүмкін екен. Италиялық сәулетші ғимаратты жасыл орманға орап, қала тазалығына үлес қоспақшы екен.
Италиялық сәулетші Стевано Боери заманауи ғимараттың жобасын құрды. Оның аты заманауи болғанымен, заты табиғилыққа жақындау. Яғни, сәулетші ғимаратты табиғатпен байланыстырып салмақ.
Оның биіктігі 117 метрді құрайды.
Әсем ғимарат Швейцарияның Лозанна қаласынан орын алмақ.
Бұл ғимарат әлемдегі ағашқа оранған алғашқы ғимарат болайын деп отыр.
36 қабаттан құралған жасыл ғимарат "La Tour des Cedres" деп аталатын болады. Бұл "Балқарағай мұнарасы" деген мағынаны білдіреді. Ғимарат 100-ден аса ағашқа, 6000 талға, 18000 астам өсімдікке оранып тұрады. Жалпы саны 3000 шаршы метрді жасыл әлем құрап тұрады. Өсімдіктер үйлерді шаң-тозаңнан, шудан қорғап, қалаға әсем келбет сыйлап тұрады дейді жоба авторы.
Бұл – Стевано Боеридің екінші бастамасы. Осыған дейін де жоба авторы Миланда осындай ғимараттың нобайын жасап, құрылыс жұмыстарын бітірген екен.
Г. Берік