New Economics Foundation британ компаниясы әлем елдеріндегі өмір сапасын көрсететін Happyplanetindex атты өз индексін жасап ұсынды. Индекс бірнеше фактор негізінде жасалған: өмір ұзақтығы, тұрғындарың табиғатқа әсері, теңсіздік деңгейі мен азаматтардың мемлекетке деген көзқарасы. Мамандар бүкіл мәліметті сұрыптап, сараптап интерактив карта жасаған. Нәтижесінде картадан мемлекет территориясының түсі арқылы мемлекеттің өмір сапасын білуге болады. Картаны негізгі бақытты ғаламшар сүзгісімен және 4 құрамдас сүзгімен (өмір ұзақтығы, тұрғындарың табиғатқа әсері, теңсіздік деңгейі, әл-ауқат) қарауға болады. Мысалы Африка елдерінде табиғатқа деген әсер жасыл түсті (жақсы) болса, әл-ауқат деңгейі қызыл түсті (төмен). Жалпы рейтингте Қазақстан 140 ел ішінде 114-орында (19.1), экологиялық рейтингте 117 (5.6), әл-ауқат индексі бойынша 55 (5.8), теңсіздік индексі бойынша 53 (18%), өмір ұзақтығы ойынша 94-орында (68.6 жас).Қазақстанның ең өзекті, ушыққан мәселесі экологиялық фактор екен. Алайда өзге факторлардың да деңгейі мәз емес. Индекстің жалпы көрсеткішінде ең жайлы ел Коста-Рика екен: мұнда адамдар айтарлықтай ұзақ өмір сүреді (орташа жас 79.1), әл-ауқат деңгейі де жоғары (7.3). Тізімдегі өзге де жайлы елдер Норвегия, Ямайка, Мексика, Колумбия, Эквадор, Албания, Тайланд және Вьетнам. Ал жайсыз елдер ретінде Түркіменстан, Моңғолия, ОАР, Кот-дИвуар, Чад, Гвинея, Бенин, Танзания және Джибути.