- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Обама жайлы 30...
Обама жайлы 30 дерек
АҚШ президенті Барак Обама тура 53 жыл бұрын 4 тамызда дүниеге келген. Осы күнге байланысты ол жайлы қызықты деректерді жинастырдық. Оқып, танысып алыңыз.
√ Ол «Өрмекші адам» комикстерін жинаушы ретінде танылған;
√ Баскетболдағы жетістігі үшін мектебіндегілер оны «O'Bomber» деп атаған;
√ Оның сүйікті асы – әйелі Мишель жасап беретін ас шаяны қосылған лингвини;
√ Ол «Сөйлеу жанрындағы үздік альбом» аталымы бойынша Грэмми сыйлығын алған;
√ Ол солақай;
√ Гарри Поттер жайлы барлық кітапты оқып тастаған;
√ Аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің қолы қойылған былғары қолғабы бар;
√ Ол жасөспірім кезінде Баскин-Роббинс балмұздақ сататын дүкенінде жұмыс жасаған. Сондықтан да ол балмұздақты жек көреді;
√ Ол испан тілінде сөйлей алады;
√ Президенттік жарысқа түспес бұрын ол Мишельге темекіні тастаймын деп уәде берген. Тастамады;
√ Президенттікке үміткер болып, дауыс анықталар сәтте CNN арнасын қоспай, спорттық арналарды көріп отыра берген;
√ Индонезияда оның Тата атты маймылы болған;
√ Жатып 90 келі салмақты көтере алады;
√ Оның сүйікті кітабы – «Моби Дик», Герман Мелвил;
√ 1996 жылы Британияда өз қарындасының күйеуімен бірге бір кеште отырған ол бөлмеге стриптиз бишілері кіріп келгенде кетіп қалған;
√ Ол жұмыс үстелін Роберт Кеннедиден алған;
√ Обаманың туысқаны өте көп. Себебі оның әкесінің бабалары бірнеше әйелден алатын болған;
√ Обама Махатма Ганди, Авраам Линкольн және Мартин Лютер Кингтерге еліктеуге тырысқан;
√ Барактың шешесінің бабалары құл ұстаған адамдар екен;
√ Былтыр өз кітабын саудалап, 4,2 миллион доллар табыс тапқан;
√ Сүйікті фильмдері – «Касабланка» мен «Көкектің ұясының үстінен ұшқанда» (Пролетая над гнездом кукушки)
√ Обама Scrabble және покер ойындарын жақсы көреді;
√ Ол кофе мен алкогольді ішімдік ішпейді;
√ Ол президент болмаса сәулетші болар еді;
√ Бұты түсіп тұратын шалбар кигісі келмейді;
√ Ол Apple компаниясының ноутбугын қолданады;
√ Қазіргі көлігі Ford Escape Hybrid. Ал оған дейін Chrysler 300 айдаған.
√ 1500$ тұратын Hart Schaffner Marx костюмін киеді;
√ Құпия қауіпсіздік қызметінің агенттері оны «Сатқын» деп атайды, ал оны әжесі «қонжық» деп еркелетіпті.
Оқи отырыңыз:
Обамаға хот-дог жеуге тыйым салынды
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: goodfon.ru
А. Құлтай