- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Ниагара сарқырамасының қараюы...
Ниагара сарқырамасының қараюы елді дүрліктірді
Фото:
vk.com
Ниагара сарқырамасына жақын тұстағы өзен суы кенет қарайып кеткен. Бұл туралы жергілікті басқару органдарына сол аймақта саяхаттап жүрген туристер хабарлаған болатын.
Хабар жеткен бойда сарқырамаға баратын жол жабылып, арнайы жасақталған топ өзен суы қараюының себебін анықтауға кіріскен. Нәтиже бойынша, өзен суының ластануына сол жерде орналасқан кәсіпорын жүйесінің істен шығуы себеп болған екен. Қазір қателік түзетіліп, сарқырама суы алғашқы қалпына келді.
Бұл туралы эколог мамандар: "Судың түсі өзгеруіне себеп болған өндіріс қалдықтарының ешқандай зияны жоқ", - дейді.
А. Оралқызы