25 сәуір күні Непал аумағында орын алған жойқын жер сілкінісі салдарынан әлемдегі ең биік Гималай тауы шөкті. Бұл жайында аймақты зерттеп жүрген ғалымдар тобы мәлімдеді деп жазады The Huffington Post.
UNAVCO геофизикалық зерттеулер консорциумының мәліметінше, зілзаладан кейін әйгілі Эверест шыңы 1 дюймге немесе 2,54 сантиметрге шөккен. Мұндай мәліметті ғалымдарға «Страж-1» спутнигі жеткізген. Ол 29 сәуір күні Джомолунгма үстінен өткен болатын.
Ал, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен зерттеу институтының профессоры Роджер Билхам болса Эверест мұншалықты қатты шөккен жоқ, небәрі 2 милиметрге кішірейді дейді. Есесіне, осы Гималайдағы тағы бір шың Аннапурна 20 сантиметрге өсті дейді профессор Билхам.
Дереккөзі: Baq.kz