- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- NASA Шолпанға скаттар...
NASA Шолпанға скаттар ұшырмақшы
АҚШ-тың Буффало Университетінің инженерлері NASA-ның тапсырмасы бойынша скатқа ұқсатып ғарыш кемесін жасап шығады. Ерекше ғарыш кемесі Шолпанды зерртейді.
Ғарыш ұшағының қанаттары скаттың жүзбеқанаты секілді желпілдейді. Бұл арқылы ғарыш кемесі күшті дауыл тұратын Шолпандағы атмосфераның жоғарғы қабаттарында ұша алады. Зонд күкірт қышқылынан тұратын бұлттың арасында ұшып, Цельсия бойынша +500 градус температураға шыдайтындай етіп жасалады.
Скаттар Шолпанды әр төрт-алты күнде айнала ұшады. Қуатты күн көзінен алып, ғылыми құралдардың жұмыс істеп тұруына ықпал етеді. Осы ғарыш кемелерінен арқасында ғалымдар Шолпандағы ауа құрамын, лимат жағдайларын және жанартаулардың белсенділігін зерттеуді жоспарлап отыр.
Шолпанды бақылап жүрген ғалымдарды көптен бері ғаламшардағы ұзақ түндердің құпиясы мазалап келеді. Шолпан өз өсінен Жерге қарағанда ақырын айналып, Күнді 243 Жер күнінде айналып өтеді.
*Шолпан – күн жүйесіндегі ең кішкентай ғаламшар. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегінде қарсы айналатын болып шықты. Ондағы тәулік шамамен Жердегі 118 тәулікке тең. Бұл ғаламшардың атмосферасының 98 пайызы карбонат ангидрид газынан тұрады. Сосын ол сульфат қышқылы бұлтымен қоршалған. Осындай "химиялық зертханада" адам бір секунд та жасай алмайды. Сіз Шолпанға бара қалсаңыз 0,94 секундта арғы дүниге аттанып кетеді екенсіз. Ал ол жердегі ауа райы туралы айтпаса да болады, ол +470 градусқа тең.
Жақында NASA Шолпанды зерттеу бойынша жаңа миссияның басталғалы жатқанын мәлімдеді. Жоспары бойынша Long-Live-in-situ Solar System Explorer деп аталатын зонд планетаның бетінде кем дегенде 60 күндей болады.