- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Мысыр полицейлері 12...
Мысыр полицейлері 12 мексикалық туристі атып өлтірді
Мысырдың полицейлері мексикалық 12 туристі байқамай атып өлтірді, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Қателіктің салдарынан 12 адам қаза тапты. Олардың көбі Мексикадан келген туристер болған. Тағы он адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Оқиға кезінде полиция мен қарулы күштер Әл-Вахат елді мекенінде лаңкестерді қуып бара жатқан. Операция кезінде жол талғамайтын төрт көлік тыйым салынған аймаққа заңсыз кіріп кетіп, оларға оқ атылған. Кейін олардың Мексикадан келген туристер екені белгілі болды.
Қазір құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаны тергеп жатыр. Қаза болғандардың ішінде тағы да басқа елдердің азаматтарының болған-болмағаны анықталып жатыр.
Мексиканың сыртқы істер министрлігі екі азаматтың қаза болғанын растады. Елдің Мысырдағы елшісі ауруханадағы бес азаматпен сөйлесті, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Мексиканың билігі Мысырға арнайы елшісін жіберіп отыр.