- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Мүмкіндігі шектеулі туристер...
Мүмкіндігі шектеулі туристер Мачу-Пикчуге шықты
Wheel the World туристік компаниясы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енетін жерлерді аралаудың мүгедектерге арналған жобасын бастады.
Ұйымдастырушылардың күш-жігерінің арқасында, 2018 жылдың желтоқсанында мүмкіндіктері шектеулі туристер алғаш рет 2,4 мың метр биіктікте орналасқан Мачу Пикчуде болып қайтты.
Wheel the World компаниясының негізін Альваро Зильберштейн пен Камило Наварро салған. Мүгедек адамдарға арналған туристік турларды ұйымдастыру идеясы 2016 жылы Патагониядағы Торрес-дель-Пайне ұлттық паркіне барған кезде пайда болған. Зильберштейннің өзі мүгедектер арбасымен қозғалады. Оған осы сапардың қиындығын әбден батқаннан кейін, жаңа жобаны жүзеге асыруға кіріседі.
"Әлемде 1 миллиардқа жуық мүгедек адам бар, бірақ оларға сапар ұйымдастыратын бірде-бір туристік компания жоқ", - дейді Наварро.
А. Оралқызы