- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Меган Маркл АҚШ...
Меган Маркл АҚШ президенті сайлауына қатысады
Сассекс герцогинясы танымал феминист Глория Стайнмен бірге Құрама Штаттардағы әйелдердің құқықтарын қорғау жолында еңбектеніп жүр.
Бұл істі одан әрі жандандыра түсу үшін Меган Маркл өзінің алғашқы үгіт-насихат науқанын 2022 жылдың қарашасында бастайтын болды. Кеше Vogue басылымы екеуінің бейне сұхбатын жариялады, онда Меган абортқа тыйым салуға қатысты өз пікірін білдірді: «Мен елімізде не болып жатқанын көріп отырмын, әділеттілік үшін күрес маған күш-қуат пен мотивация береді. Заңнамаға әсер ету жолында міндетті түрде іске кірісетін сәт келді. Бұл бізге тек әйел ретінде ғана емес, адам ретінде де қажет », - деді.
Меган аборт жасауға тыйым салуды адам құқығын таптаумен бір санайды және күйеуі ханзада Гарри де оны жақтайтынын айтты. Оның айтуынша, барлық ер адамдар осылайша өз әйелдері мен баршы нәзікжандыларды қолдауы керек деп санайды.
«Ер адамдар мұндай сәтті белсенді болуы керек, өйткені бұл қарым-қатынастарға, отбасыларға және жалпы қоғамға әсер ететін шешім. Күйеуім екеуміз соңғы күндері бұл туралы көп айтып жүрміз. Ол да феминист» - деді Меган.
Маркл сонымен қатар түсік жасатуға тыйым салу азаматтық құқықтарды бұзудың бастамасы ғана болуы мүмкін деп болжады.
А. Оралқызы