- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Манхэттенді 24 долларға...
Манхэттенді 24 долларға сатып алғанын білесіз бе?
1602 жылы Нидерланды билігі Ост-Үндістан компаниясын құрды. Аталған құрылымның мақсаты Азияның солтүстік-батыс бөлігіне жол табу. 1609 жылы қыркүйек айының үшінші жұлдызында ағылшындық жүзгіш Генри Хадсон өзінің кемесімен Нью-Йорк жеріне жеткен. Айта кету керек Г.Хадсон аталған компанияда жұмыс жасаған. Ол осы жерде зерттеу жұмыс жасап, 12 қыркүйек 1609 жылы аталған жерді іздеп таптым деп жариялайды.
Компания аталған мақсаттарына жетіп, Азияға бастайтын жолды таба алмағанымен Г.Хадсон ашқан жер Солтүстік Америка үшін сауда жолына айналды. Уақыт өте келе жаңа Голландиялық аймақ ашылды. Онда отызға жуық отбасы Амстердамнан қоныс аударды. 1625 жылы аталған жерде жан саны көбейіп, Жаңа Амстердам атауы қалыптасып, үлкен қалалық мекен пайда болды.
1626 жылы Жаңа Нидерландының басшысы Петер Минейт жергілікті үндістермен тарихи келісім-шарт жасасты. Ол аталған аралдың бәрін сатып алуды ұйғарды. Сол кездегі ақшамен 60 гульденге (қазіргі ақшамен - 24 доллар) сатып алған. 24 долларға бағаланған арал «Манхэттен» деп атау алады. Бұл екі бірдей манна-хата сөздерінен шыққан атау.
Ал қазіргі таңда Манхэтен – Нью-Йорк қаласындағы ең қымбат аудан. Кезінде 24 долларға сатылған Манхэттен ауданының құны – 49 миллиард доллар.