- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Лондонда әлемдегі ең...
Лондонда әлемдегі ең үлкен журнал қоры ашылды
Британдық Джеймс Харман 1990 жылдан бері журнал коллекциясын жасап келген. Өзі үшін ерекше көрінген журнал шығарылымдарының үнемі екі данасын сатып алып отырған. Бірін оқыса, екіншісін бірден коллекциясына қойған. Қазіргі таңда Харманның жеке коллекциясы әлемдегі ең үлкен журналдар қоры болып есептеледі. Раритетті шығарылымдардың шамамен 160 000 экземпляры бар. Ал, 2012 жылы Джеймс топтамасы Гиннесс рекордтер кітабына енгізілді.
Журналдар саны артып, үйіне сыймайтындай жағдайға жеткенде Оңтүстік-шығыс Лондонның Вулидж аймағындағы Патшалық арсеналды кешенінен мекеме жалдап, биік стеллаждар орнатқан. Журналдардың жақсы сақталуына ыңғайлы ауа температурасын да сақтап отыратын жүйе орнатқан.
Архив жалпыға ортақ, кез келген адам барып көре алады. Қорға кіру билеті сағатына 75 фунт (шамамен $ 100). Осы бағаға, тіпті, қазір шығарылмайтын кей журналдарды оқып көруге болады.
А. Оралқызы