Әлемдегі ең ерекше шөл дала Бразилияда орналасқан. Ол мың мильге дейін созылып жатыр. Теңіз жағасындағы ақ түсті құмды дөңдер көзге оттай басылады. Сол себепті де шөлдің атауы "Lençóis Maranhenses" деп аталса керек. Яғни, португал тілінен аударғанда "Мараньянның ақ жаймалары" дегенді білдіреді. 1981 жылдың 2 маусымында бұл жер "ұлттық саябақ" деген атау алды. Қазір жалпы аумағы шамамен 1,5 мың шаршы километрді құрайды.
Ленсойс-Мараньенсис арқылы екі өзен өтеді. Бұл өзендермен мыңдаған тонна аппақ құмды Атлант мұхитына тасып, Бразилияның солтүстік жағалауына толтырады. Сондықтан бұл жер халық жиі жиналатын демалыс орындарына айналды. Ал алқаптың өзінде құм бір орында тұрмайды. Әсіресе қазан, қараша айларында мұхиттың экваторлық белдеуінен қатты желдер соғып, шаңды дауыл көтеріледі.
Бір қарағанда Ленсойс-Мараньенсис аптап ыстық болатын құмды шөл дала секілді. Алайда бұл жерден де табиғаттың барлық құбылысын көре аласыздар. Мысалы, қаңтар айынан маусым айына дейін жауын-шашын көп болады. Соның салдарынан шілде айында саябақтың шағын мүйістері 91,4 метрге дейін толып, бірнеше айдың ішінде кеуіп кетеді. Ал кейде бөлініп қалған су айдындары ақыр аяғында теңізге қосылады. Жаңбыр жауатын мезгіл жақындағанда лепидосирен сияқты қос өкпелі балықтар мүйістерді мекендеп, құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей немесе өзеннен келетін басқа балықтармен қоректенеді.
Бұл жерде ауа-райы да құбылмалы. Құрғақ маусым басталмас бұрын күн жүйесі құла даланы қыздырып, бір айдың ішінде су деңгейін 91 сантиметрге дейін төмендетеді. Егер шағын мүйістерді көзіңізбен көргіңіз келсе, шілде мен қыркүйек айларының арасында барғаныңыз абзал. Өйткені ол кезде олар толық әрі климат та қолайлы болады. Ал қазан айларынан бастап қайтадан дауыл көтеріліп, жауын-шашын көп болып кетеді. Ленсойс-Мараньенсисті көру үшін билетті Мараньян астанасы Сан-Луистен алған ыңғайлы. Сондай-ақ Barreirinhas қаласынан арнайы экскурсияға арналған қоғамдық көліктерге билет ала аласыз.