1. Ең қысқа жер атауы
Әлемдегі ең қысқа жер атауы «А» деп аталады. Бұл ауыл Швеция және Норвегия аймағында орналасқан. «А» әрпі скандинав тілінде «өзен» деген мағынаны білдіреді.
2. Әлемдегі ең үлкен қала
Әлемдегі ең үлкен қала – Хулун-Буир. Ол қытай елінің Ішкі Монголия ауданында. Оның аумағы 263 953 шаршы шақырым.
3. Бір ғана мемлекетпен шектесетін немесе бір ғана елдің қоршауындағы ел
Лесото, Ватикан, Сан-Марино мемлекеттері бір елдің қоршауында тұр. Лесотоны ОАР, ал Ватикан мен Сан-Марино елдерін Италия қоршап жатыр.
4. Әлемдегі ең ұзын географиялық атау
Әлемдегі ең ұзын географиялық атау Таиланд елінде. Жердің атауы –«Krung thep mahanakhon bovorn ratanakosin mahintharayutthaya mahadilok pop noparatratchathani burirom udomratchanivetmahasathan amornpiman avatarnsathit sakkathattiya visnukarmprasit». Ол 163 әріптен тұрады.
Әлемдегі екінші ең ұзын географиялық атау 84 әріптен тұрады. Бұл есіммен Жаңа Зеландия еліндегі тау төбешігі аталған. Жердің атауы – «Taumatawhakatangihangak oauauotamateaturipukaka pikimaungahoronukupokaiwhe nua kitanatahu». Оның мағынасы: «Таматей есімді тізесі ірі келген жігіт төбешіктен тайып жығылады, кейіннен тау жайпауышы аталып кеткен ол төмпешікті жұтып, өзінің сүйіктісіне арнап саз сырнай ойнайды».
5. Дүниежүзіндегі ең суық және ең жылы теңіз
Дүниежүзіндегі ең суық теңіз - Ақ теңіз. Оның температурасы -2 °C. Ал Парсы шығанағы керісінше ең жылы теңіз саналады. Ол Араб теңізінің бір бөлігі. Жаз мезгілінде оның температурасы 35,6 °C дейін жетеді.
6. Әлемдегі ең ежелгі конституциялық республика
Сан-Марино — әлемдегі ең ежелгі конституциялық республика. Оның негізін 301 жылы христиан тас қалаушы қалады. Сан-Марино конституциясы 1600 жылы қабылданды.
7. Жер орталығына ең қашық орналасқан орын
Жер экваторының дөңестігіне байланысты Чимборасо жанартауы жер орталығына ең алыс орналасқан. Оның биіктігі — 6310 м. Ол экватордан 1 градус оңтүстік жерде тұр.
9. Әлемдегі ең ұзын тау тізбегі
Орталық-Атлант жотасы әлемдегі ең ұзын тау тізбегі болып саналады. Оның ұзындығы — 40 мың шақырым. Ол Атлант мұхитының ортасында орналасқан. Исландия — теңіз деңгейіндегі жалғыз тау тізбегі.
Анд тауы ең ұзын үстіртті тау тізбегі. Оның ұзындығы — 7000 шақырым.
10. Жер қабаты көрінбейтін аймақ
Солтүстік полюсте жер қабаты көрінбейді. Су мұз болып қатып қалған. Солтүстік мұзды мұхитының мұзының қалыңдығы — 12 миллион шаршы шақырым. Су температурасы -34°C.
Оқи отырыңыз:
Бір түп ағаштың бағасы
Марракеш саябағы туралы білесіз бе?
Клайв есімді жігіттің есте сақтау қабілеті небәрі 30 секунд
Ол салға мініп мұхитты кесіп өтем дегенде жұрт мазақ қылған еді. Бірақ...
Сурет: www.liveinternet