- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Қытайлықтың денесі жасыл...
Қытайлықтың денесі жасыл түске боялды
Қытайлық азамат шамадан тыс ұлу жеп қойғандығы үшін ауруханаға ауыр халде түседі. Оның денесі жасыл түске еніп кеткен екен. 24 жастағы ер жігітті толық тексеруден өткізген Гуйчжоу провинциясының дәрігерлері бұл құбылыстың – бауырға түскен инфекциядан екендігін анықтады.
Егер сіз өте көп ұлу жеп қоятын болсаңыз, теріңіздің түсі жасылданады. Жоғарыдағы науқастың "жасыл адамға" айналуы да дәл осы себептен. Ол өзінің күнделікті тағамында өзен ұлуларын жиі пайдаланатын болған. Нәтижесінде, жәндіктің бауырында өмір сүретін паразиттер адам ағзасына түсіп кетіп отыр.
Ол осыдан екі ай бұрын отбасы мүшелеріне ішінің қатты ауыратындығын айтып жиі шағымдана бастаған, бірақ дәрігер көмегіне жүгіне қоймайды. Күндердің күнінде терісі мен көзінің ақтары жасыл түске "бояла" бастайды. Ол жақын маңдағы Чжэцзян провинциясындағы ауруханаға қаралады. Бірақ, ондағылар нақты диагноз қоя алмайды.
Науқастың айтуынша, ол өзін айнадан көруге қорқады екен.
Дайындаған: Сматуллаева Айгерім
Сурет: byaki.net