Cіз 360 сағаттың ішінде не істеп үлгере аласыз? Ойланып көріңізші. Ал қытайлық Broad Group компаниясы 15 күннің ішінде 30 қабаттық үйді тұрғызды дегенге сене аласыз ба? Расымен солай. Үйдің жалпы ауданы 17000 шаршы метр.
Бұндай жылдамдыққа олар модульдік құрылыс технологиясын пайдалану арқылы қол жеткізген. Айта кетелік, бұл технология алғаш Еуропа елдерінде қолданыла бастаған. Бұл әдіспен салынған үйлердің ерекшелігі – құрылыс кезінде тым көп энергия қажет болмайды, үйлер берік болады – 9 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алады. Ал желдету жүйесі ғимарат ішіндегі ауаны сырттағыдан 20 есе таза қалпында ұстай алады.
Үйдің салыну процесін төмендегі видеодан тамашалауыңызға болады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/rwvmru5JmXk#t","width":"450","height":"255"});
Компанияның басқа да жұмыстарымен ресми сайтында таныса аласыздар.
Дайындаған: Елбарыс Махамбет
сурет: www.broad.com