«Чан-Хом» тайфуны Қытайдың шығыс жағалауына жетті. Дүлей дауылға байланысты миллионға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, - деп хабарлайды Bnews.kz.
Елдің кей аудандарында лай көшкіні жүріп, көлік қозғалысы тоқтаған. Өңірдегі әуежайлар мен кемежайлар жабылды.
Айта кетейік, бұған дейін «Чан-Хом» Филиппин аумағы арқылы өтіп, 5 адамның өмірін жалмаған болатын. Сонымен қатар, Тайвань мен Жапонияда да дүлей дауыл салдарынан ондаған тұрғын жарақат алған.