Шағын қытайлық ауылда 39 жұп егіздің тұруы бірқатар БАҚ-тың, солардың ішінде Asia One және Mashable назарын аударды.
Елді мекеннің атауы әр жерде әр түрлі жазылған. Біреулері Цинянь десе, өзгелері Цзянцзинь деп жазған.
«Егіздер ауылында» барлығы 367 үй бар. Ең үлкен егіздердің жасы 89, ең кішісі - тоғыз айда.
Осыған дейін қытайлық Жичжао қаласында төртем дүниеге келгені және оларды Сяодун (Шығыс), Сяонань (Оңтүстік), Сяоси (Батыс) және Сяобэй (Солтүстік) деп атағаны туралы хабарланған болатын.
Дереккөз: inform.kz