Қытайда әлемдегі ең қатты жасанды алмас дүниеге келді

Қытайда әлемдегі ең қатты жасанды алмас дүниеге келді

Қолдан жасалған әлемдегі ең қатты алмас дүниеге келді деп хабарлайды, Испания "ABC газеті".

Ианшан университетінің зерттеушілері былай дейді: "Көміртегі нанометр түйіршіктері мен жоғары температуралы жоғары қысым технологиясынан пайдаланып, орташа қалыңдығы тек 5 нанометр келетін алмасты жасадық. Бұл табиғи алмазда көрілмеген ең кішкентай құрылым".

Бұл жаңа алмастың қаттылық дәрежесі ерекше жоғары, әрі тотығу температурасы табиғи алмастан 200 градус жоғары. Зерттеушілер олардың зерттеу нәтижесі өзгеше ерекшелікке ие жаңа материал жасап шығуға септігін тигізеді деп қарайтындықтарын білдірді.

Алмас аса қатты, әрі үйкеліске төзімді, жарқырап көздің жауын алады, өмірлік серттің символы ретінде де қаралды. Ол өзге де қатты материалдарды кесуге, тесуге және егеуге пайдаланылады. Әсемдік бұйым ретінде де жоғары сұранысқа ие. Өнеркәсіп саласындағы ықпалын ойластыра отырып Қытайдың Хыбей провинциясы Ианшан университетінің зерттеушілері әлемдегі ең қатты жасанды алмасты ойлап тапқан. "Табиғат" журналы: "Олардың тәжірибесі табысқа жеткен әрі машина мен жоғары температураға ерекше төзімді, қаттылық дәрежесі табиғи алмастан жоғары" деп бағалап отыр.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: about-crystall.ru

M. Auelkhan