«Ақ қалпақ» деп аталатын бас киім қырғыз елінде өте танымал. Оның қазіргі бағасы 150 сом немесе шамамен 500 теңге тұрады.
Ұлттық нышанды танытатын айыр қалпақ Қырғызстанда ең құрметті адамға тарту етіледі. Оны кигенді жас балалардан бастап, қарттар да ұнатады. Қырғыздардың айтуынша, ұлттық бас киім қыста суық, жазда ыстық өткізбейтіндігімен ерекше. Жалпы бұл мереке мұнда 2011 жылдан бері атап өтіліп келеді. Бірақ ақ қалпақтың жер бетінде пайда болғанына 700 жылдан астам уақыт өткен. Ұлттық салт-дәстүрге сәйкес оны жерге қоюға, аспанға лақтыруға және өз қалпағын өзге біреуге сый ретінде беруге болмайды. Ел Парламентінің депутаттары да бұл мерекеге құрмет білдіріп, жұмысқа ұлттық бас киіммен келеді. Бірақ халық қалаулылары «Ақ қалпақ» күнін ресми түрде атап өту туралы бастама көтергендердің осыдан 4 жыл бұрынғы өтінішіне әлі күнге дейін назар аудармай келеді.
Дереккөз: khabar.kz
Сурет: radiotv.manas.edu.kg