Зерттеу жүргізген мамандар қымбат азық-түлік дәмдірек көрінеді деген тұжырымға келді, - деп жазады 24.kz. Оған бірнеше ерікті қатысқан. Сынақтан өтушілерге 4 түрлі шарап ұсынылады. Олардың бағасы 4-30 доллар арасында болған. Бірақ шындығына келгенде, еріктілерге сусынның тек екеуі ғана дәм татуға берілген. Бірақ соған қарамастан, олар қымбат сусынды дәмдірек деп тауып, сапасыз өнімге көбірек ақша жұмсауды қалаған. Ал тәжірибенің екінші кезеңінде еріктілер 2 сүт коктейлінен ауыз тиген. «Табиғи» деген жазуы бар қымбаттырақ коктейльді көбірек таңдаған олар сол сусын үшін ақша шығаруға дайын екендіктерін айтқан. Ал шынтуайтына келгенде, бұл екі түрлі ыдысқа құйылған бір коктейль болған екен.