- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Құрлықтан ең шалғай...
Құрлықтан ең шалғай жатқан жер
Технология дамыған заманда Жердің кез келген нүктесіне жетуге болады. Бірақ әлі күнге дейін адам аттап баспайтын жерлер бар. Оның себебі – құрлықтан шалғай жатқандығы.
Тынық мұхитының оңтүстігінде орналасқан Немо нүктесі құрлықтан ең шалғай жатқан жер саналады. Кішкене ғана аралдан ең жақын құрлыққа жету үшін 2688 шақырымды жүзіп өту керек. Жердің бұл нүктесінде адам түгілі ешқандай тіршілік иесін кездестіре алмайсыз. Тіпті, мұхит кезген балықтардың өзі бұл маңнан табыла қоймайды.
Ғалымдар жылдар бойы құрлықтан ең шалғай жатқан жерді іздеген. 1992 жылы хорват зерттеушісі Хрвойе Лукатела Немо нүктесін тапты. Жердің бедері түзу, ал формасы шар секілді доп-домалақ болмағандықтан ең алыс орналасқан аралды есептеуде қиындықтар болған. Хрвойе Лукатела Жердің дәл көрсеткіштерін компьютерге енгізіп, үлгісі арқылы құрлықтан ең шалғай жатқан аралды тапты. Аралға француз жазушысы Жюль Верннің романындағы капитаны Немоның есімі берілді.
Бүгінде бұл аралға келушілердің саны артқан. Ұзақ сапарды ұнататындар Дюси, Моту-Нуи не Махер аралдарынан сапарын бастайды. Немо нүктесі өркениеттен 2688 шақырым бөліп жатыр. Аралға келген адам құрлыққа қарағанда 400 шақырым биіктікте орналасқан Халықаралық ғарыш айлағына жақын болады.
Құрлықтан қашықта орналасқанымен қатар, Немо нүктесі – қуатты мұхит ағыстарының аймағы. Сондықтан бұл нүкте айналасында су бактерияларынан өзге ешбір фауна тіршілік етпейді. Өйткені бұл маңда қорек зат жоқтың қасы. Тек жақын маңда орналасқан жерасты жанартауларында минералдармен қоректенетін бактериялар тіршілік етеді.
Қазіргі ең шалғай жатқан аралды NASA мен Роскосмос аэроғарыш агенттіктеріне тиесілі аппараттардың қалдығы түсетін қоқысқа айналған. Қызмет мерзімі аяқталған жерсеріктер мен құрылғылар атмосферамен соқтығысып, осы маңға құлайды.
А. Рысдәулет