Құны 388 миллион тұратын пентхаус Монакода салынып жатыр

Әлемдегі ең қымбат үйдің құрылыс жұмыстары 2009 жылы басталып, осы күнге дейін жалғасын табуда. Алдағы 2014 жылдың шілде айында бітеді деп күтілуде.

Монако – табиғаты жанға жайлы, демалысты өткізуге арналған нағыз таптырмас жер. Көрші елдердің көзайымына айналған бұл елде ең қымбат үйдің салынуы орынды секілді. 

Егіздер мұнарасына ұқсаған 170 метрлік кешен осы аймақта биіктігі жағынан 2-орынды иеленеді. Бірінші орынға 186 метрлік Gran Hotel Bali атты испан қонақ үйі жайғасқан.

Ғимараттың ішіне сарайдай салтанаты бар 60 пәтер салынған. Әрқайсысында 6 бөлмеден. Аумағы 3,3 мың шаршы метр болатын пентхаус тұрғындарды бассейнімен қуантады.

Үйдің құны 388 миллион доллар ақшаға бағалануда. Пәтерлердің іші еденнен бөлменің төбесіне дейін жететін Odeon Tower терезелерімен жабдықталған. Мұнымен қатар төменгі қабаттарда түрік, орыс моншалары, жекеменшік спа орталықтар, жүргізушілері бар лимузиндер, кинотеатр мен күні бойы қызметіңізге әзір консьерждер бар.

Кешеннің жобасын құрастыруда Александр Жиральди, дизайнер Альберто Пинто, ландшафт дизайнері Жан Мюстар жұмыс істеген. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:ubr.ua