- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Күндіз көруге болатын...
Күндіз көруге болатын 7 аспан денесі
Тапа-тал түсте көк аспаннан Күннен басқа ештеңе көре бермейміз. Алайда қарапайым биноколь көмегімен, болмаса көзімізбен өзге де ғарыш денелерін көруге болады. Соның ішінде, 7 аспан денесін назарыңызға ұсынамыз.
Күнге тіке қарау көзге зиян. Сол үшін "жарық жұлдызымызды" анықтап қарау үшін арнайы жарық сүзгілері бар көзілдірік киген жөн.
Әдетте Айды түнде көреміз. Алайда ай туғанда күндіз де аспаннан байқауға болады.
Шолпанды халық арасында "таңғы жұлдыз" не "кешкі жұлдыз" деп те атайды. Күн сәулесінің шағылысуынан Шолпанды күндізгі аспаннан да тауып алуға болады.
Күндіз аспанға зер салсаңыз жерсерікті көруге болады. Оларды оңай "құлап бара жатқан жұлдыз" деп қабылдауыңыз мүмкін.
Юпитерді көру оңай емес. Оған қоса аспан тап-таза, бұлтсыз болуы қажет.
Марсты күндіз аспаннан таба алмайсыз. Дегенмен аракідік Марсты да көруге болады. Ол үшін шыдамдылық таныту керек.