Белгілі швейцариялық зерттеуші Бертран Пикар мен оның серіктесі Андре Боршберг дүйсенбі күні күн энергиясынан қуат алып ұшатын ұшақпен жер шарын айналып өтпекке бел буды, деп жазады inform.kz.
"Solar Impulse-2" деп аталатын бір орындық ұшақ Әбу-Дабиден шығып, алдымен Оманға, кейін Үндістанға ұшуы тиіс.
Алдағы бірнеше айда ұшақ Антарктидадан басқа барлық континенттен және Тынық және Атлант мұхиттарынан ұшып өтеді.
Пикар мен Боршберг ұшақты кезекпен басқарады. Тәуекелге бел буғандар ұшақтың кем-кетігін жөндеу үшін бірнеше қалаға қонады.
Сурет: trendymen.ru