Құжатқа сыймаған Кейхэнэйкукоэкэхихулихикэхонэел

Құжатқа сыймаған Кейхэнэйкукоэкэхихулихикэхонэел

Гавайлық әйелдің тегі 35 әріптен құралады. Ал үкіметтің берген құжатына мұншама әріп сыйып кете алмайтын болған. Арада дау мен таласқа ұласқан тартыста Кейхэнэйкукоэкэхихулихикэхонэел өз дегенін орындады және Гавай халқына деген сый-құрметін жоғалтпай, сақтап қала алды. 

Гавайдағы бір әйел өзінің 35 әріптік тегіне байланысты аралдық үкіметке жеке куәлік пен көлік құжатының үлгісін өзгерту керек екендігін, болмаса, оның ұзақ аты мен өзі арасында байланыс жойылатынын алға тартыпты. Денис Кейхэнэйкукоэкэхихулихикэхонэелдің айтуынша, еш уақытта өз аты-жөнінің қысқарған түріне келісім бермек емес-ті.

БАҚ құралдарын пайдалана отырып, шенеуніктерді белгілі бір шешім қабылдауға шақырған. Көп жыл бойы ол өзімен бірге жеке куәліктің екі үлгісін алып жүріпті: өзінің 34 әріп сыйып тұратын көлемді көлік құжаты және Гавай штатының ресми жеке куәлігі (бұрындары аты-жөні толық келтірілетін). 

Бірақ мамыр айында мемлекеттік жеке куәлігі қайта қалыпқа келтірілген тұста, қиындықтар пайда болады - көлік құжаты секілді оралып, аты мен тегінің соңғы "е" әрпі түсіп қалады. Содан не керек, мемлекеттік органдарға шағымдануға тура келген. Өзін бір күні полицей қызметкері тоқтатып, лицензиясына күмән келтірген екен.

"Мен оған айттым: тоқтаңыз, бұл менің қателігімнен емес. Бұл – маған жарамды жеке куәлік жасап бере алмаған мемлекеттің қателігі". Одан ары, полицей қызметкері одан неге қыз күніндегі тегін қолданбағандығын сұрайды. "Мен оған бұл қылығым гавайлық халықты сыйламағандық боларын айттым. Өйткені, менің тегім жеке өзіндік бір тарих әрі мән-маңызға ие. Мен бұл текті 20 жылдан аса уақыт ұстап келдім. Мен онымен бүкіл жан-тәніммен байланыс түздім. Және бұл күрделі һәм ауыр моральдық процесс", - депті сонда ол. 

Құжатты дұрыстауға бірнеше жыл кетеді деген үкімет іске БАҚ құралдары араласқан соң, бірнеше күнде тындырып беретіндіктерін жеткізген. Министрліктің айтуынша, жыл аяғында жеке куәлікке 40 әріп емін-еркін сыятын болып отыр.

* * * 

Адамның тегін ауыстыруына қалай қарайсыз? Өз тегіңіз өзіңізге ұнай ма? 

 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: felbert.livejournal.com 

Л. Лига