- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Көзден бір сәтте...
Көзден бір сәтте ғайып болып кететін мұнара
Оңтүстік Корея елінің астанасы Сеул қаласында кез келген уақытта адам көзіне көрінбей жасырынып, қайта қалпына келе алатын биік ғимарат салынып жатыр. Ол жер бетіндегі ең биік ғимараттар ондығының қатарына кіреді. Биік үйдің авторлығы GDS Architect компаниясына тиесілі. Архитекторлар мұнараны аудармасында «шексіз үй» мағынасын беретін "Tower Infinity" деп атап отыр. Tower Infinity Йонсангу ойын-сауық ауданының нақ ортасында орналасатын болады. Бұл ерекше ауданның жобасын Samoo компаниясы құрастырған болатын.
Tower Infinity мұнарасының биіктігі 450 метрді құрайды. Кез келген уақытта жасырына алатындығымен ерекшеленеді. Бұл қасиет «оптикалық иллюзия» деп аталады. Оның барлығы жарық түсіміне байланысты жүзеге асады.
Tower Infinity құрылысы аяқталған соң, ойын-сауық сауда орталығына айналады. Ал ішінде той жасау орны, театр, мейрамханалар, шомылатын бассейн және т.б. ашылады. Айналасын заманауи дизайнде жасалған бау-бақша қоршайтын болады.
GDS Architects жобасы 2004 жылы ең сәнді мұнара сайысында жеңімпаз атанған еді. Ал құрылыс жұмысын бастауға биыл ғана мүмкіндік алып отыр. GDS архитекторының айтуынша, Tower Infinity Оңтүстік Корея елінің әлемдік экономикадағы орнына ұқсас.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай