Әлемнің жаңа жеті кереметінің қатарындағы Колизей күллі Италия елінің мақтанышына айналған. Жаһандағы ең үлкен амфитеатр саналатын Колизей жайлы тарихи деректердің негізінде мқандай ақпараттар бар екен, көз жүгіртіңіздер.
Ежелгі Рим кезеңіндегі атақты орынның құрылыс кезінде аркалар мен бағаналар коринфей, ионикалық және дорикалық бағытта салынған. Сәулет өнерінің бірегей үлгісі бірден «Колизей» деп аталмаған. Оны алғашқыда «Флавия Амфитеатры» деп атаған. Амфитеатр маңында Колосса алып мүсіні орналасқандықтан, кейін театр атауы Колизей деп өзгертілген.
Колизей театрының құрылысы Флавей әулетінің көсемі, император Веспасиан бұйрығымен басталған болатын. Өкінішке орай, императордың өзі театр құрылысының аяқталып, ашылу салтанатын көре алмай кетті. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, театр ашылу салтанатын атап өту 100 күнге созылған.
Қазіргі таңда Колизей – Рим қаласының көне көрікті мекендерінің бірі. Жыл сайын көне амфитеатрды өз көзімен көру мақсатында жердің түкпір түкіпрінен туристтер ағылады. Италия басшылығы Колизейге тарихи ескерткіш деп қарайды. Мұнда қоғамдық іс-шараларды, мерекелік дәстүрлі қойылымдарды ұйымдастыруға рұқсат берілмейді.