Франция осыдан жарты жыл бұрын әлемдегі ең үлкен күн электр станцияларының бірінің құрылысын аяқтады. Альпі тауында орналасқан станция 200 гектар жерде созылып жатыр. Оның жалпы өндіру қуаты – 90 мегаватт. Күн электр станциясы 113 мың фотоэлектрлі күн батареясынан тұрады. Мұны іске асыру үшін Франция билігі 110 миллион еуро қаржы жұмсапты. Станцияның көлемі жақын аймақта орналасқан тәуелсіз Монако князьдығымен бірдей екен.
Қазіргі таңда бұл – Франциядағы ең үлкен күн фермасы. Осыған қарап біз Еуропа елдерінің электр энергиясын шығаратын қосымша тәсілдерді іздестіріп жатқанын байқаймыз. Мұның барлығы 2011 жылы Жапонияда болған су тасқынынан кейінгі атом энергиясы апаттарынан соң белсенді түрде қарастырыла бастаған.