Халықаралық жануарларды қорғау қорының өкілдері коалаларды жойылу алдында тұрған жануарлар тізіміне енгізу туралы ұсыныс жасады.
Олар ұсынған есепте Аустралияда болған өрт салдарынан 5000 коала жойылған, ал соңғы 20 жылда олардың үштен бірі ғана қалған.
Жалпы климаттың өзгеруі мен құрғақшылық және 2019 жылдың 1 қазаны мен 2020 10 қаңтары аралығындағы өртті ескере отырып жасалған статистика аталған жануарлардың 67%-ы жойылғанын көрсеткен.
Мысалы, 2012 жылы Аустралияның бір штатында 54 284 коала мекендеген. Өртке дейін оның шамамен 20%-ы жойылған. Бұған олардың көп төлдемейтінін себеп болған. Өрттен кейінгі нәтиже бұдан да нашар.
Естеріңізге сала кетейік, Аустралиядағы өрт салдарынан миллиардтан астам жануар отқа оранған. Олардың қатарында коалалар мен кенгурулер, валлабилер, кукабарралар, какадулар мен өзге жануар мен құс түрлері бар.