Алдыңғы жазбамызда қос жанарынан айырылса да, кенеп пен майлы бояудан ажырамаған дарынды суретшінің талантына тәнті болдыңыздар. Ал бүгінгі кейіпкеріміз өз қиялын компьютермен кескіндейді екен.
Ол әлеуметтік желілерде өз атын (Екатерина Дедова) көп жарияламаған, тек Zzanthia деген лақап атпен танымал болған екен. Әлеуметтік желілердегі сұхбаттарында суретті тек өзі үшін салатынын және одан ләззат алатынын да жасырмаған. "Бұндай суреттерді салу өнерді бағалап, түсінген жан үшін аса қиын емес. Тек бұл өнерге өзіңе деген сенімділікпен аяқ бассаң, үлкен нәтижеге жетуге болады. Компьютермен сурет салу сабырлылық пен шыдамдылықты талап етеді", - дейді Zzanthia. Бала кезінен қылқаламды жанына серік қылған суретші бүгінгі күні майлы бояумен сурет сала алмайтынын айтқан. Бұның себебін "Мен осы өнердің әлемінен шыға алмай қалдым" деп түсіндірген екен. Олай болса, "өзге әлем" суретшісінің талантын тамашалаңыздар.
Сурет: zzanthia.livejournal.com