Ким Ун Ён – әлемдегі ең ақылды адам

Ким Ун Ённің IQ коэффициенті әлем бойынша ең жоғары болғандықтан, «Гиннес рекордтар кітабының» өкілдері оны ең ақылды адам ретінде тіркеді. Оның зеректігі сонау бала кезінен байқалған. Туылғанына 80 күн толғанда жүріп, 100 күнге жуықтағанда 19 тісі өсіп, 4 айдан кейін былдырлап сөйлей бастаған. Ал небары 2 жасында кәрісше, жапонша, ағылшынша және немісше хат таныған. 

Балалық шағында кәріс, қытай тілдерінде өлең жазып, эссе шығармалар жинағын шығарған. 3 жасында және 6 жасында Ханян университетіне физика пәнінің студенті ретінде шақырылған. Небары 4 жасында жапондық теле көрсетілімдердің бірінде жоғарғы математика есептерін шешіп, жұртты таң қалдырған. Бұдан кейін 8 жасында NASA ғарыштық айлағы тарапынан Колорадо мемлекеттік университетіне оқуға шақыртылған. Ұсынысты қабылдап, 15 жасында физика ғылымының докторы атанады. 1978 жылы азаматтық инженерия саласына ауысады. Бұл шешімнің мәнін түсінбеген таныстары «ақылынан адасыпты» деген ойға қалады. Ал Ён өз кезегінде алдағы уақытта бақытты болатынына сеніп: «Адамдар мені қарны жуан шенеунік немесе бір корпорацияның мықты басшысы болады деп ойлады, алайда олардың менің жеке өміріме қатысты таңдау жасауға ешқандай да құқығы жоқ» деп айтқан екен. 

Ким Ун Ён NASA-да өткізген 10 жылын «жалғыздықтың мұңын кешкен жылдар» деп атап, былай баяндайды:

«Сол кезде мен құлтемір секілді ерте тұрып, тапсырмамды орындап, артынша тамақ ішіп, ұйқыға жататынмын. Жаныма серік болар достарым да болмады. Кореяда ел назарында жүруден қатты шаршадым. Мұнымен қатар, жұмысқа орналасу үшін диплом керек болды. Сол мақсатыма жету үшін емтихандарды екі жылда тапсырдым. Нәтижесінде қарапайым адамдар секілді студент боламын деп шештім», - деп аз тоқтап, сөзін қорытты, - «Өмірде қалағанына қол жеткізетін адам өте аз. Бірақ бұл менің қолымнан келді. Осының өзі бақытты өмірді қамтамасыз ететін табыс емес пе?".

Оқи отырыңыз:

Селфи үшін 75 елді аралап шыққан саяхатшы

2 400 000 адамды өлім аузынан арашалап қалған тұлға

Шоқан Уәлиханов ізбасарлары "Қашқарияға" сапар жасамақ

Түркиядағы қазақ жастары Тәуелсіздік күніне флешмоб арнад

Нил Армcтронг Айға бірінші болып ұшты ма, әлде АҚШ бізді алдады ма?

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:www.koreaherald.com,www.pnp.ru