- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Келіңіз, бәстесейік!...
Келіңіз, бәстесейік!
Сіз білмейтін фактілер:
1. Ғарыштың параллель сызықтары қиылысады.
2. Фэн-шуй бастапқыда мазарды әрлеу өнері болған.
3. Түшкірген кезде денеміздің барлық мүшелері тоқтайды, тіпті жүрегіміз де.
4. Маралдарды аңшыларға қарағанда жүргізушілер көбірек өлтіреді.
5. Жылан 3 жыл көлемінде ұйықтай алады.
6. Адам шашының ұзындығы ғұмырында 725 километрге жуықтайды.
7. Алтын – сирек кездесетін металл. Әлемде сағат сайын темір-терсек табылып жатса, алтын жылына әрең табылады.
8. Ақ киттің жүрегі Фольксваген Жук көлігімен бірдей.
9. Лизтомания – үнемі музыка тыңдап тұруға құмарлық.
10. Бір миллиард секунд шамамен 37 жылға тең.
11. Хамелеонның тілі денесінен екі есе ұзын.
12. Майкл Джордон колледжде екінші курс оқып жүрген кезінде бойының аласалығы үшін баскетбол командасынан шеттетілген.
13. Колибри артқа қарай ұша алатын жалғыз құс.
14. Желаяқ старттың алғашқы 10 метрінде ең жылдам көлікті басып оза алады.
15. Безеуді кез келген антибиотиктің судағы ерітіндісін пайдаланып кетіруге болады-мыс. Қайталауға кеңес бермейміз.
16. Кенияда отбасылық бюджеттің 1/3 бөлігі пара беруге жұмсалады.
17. Әрбір төртінші американдықты теледидардан көрсеткен.
18. Үлкен Комодо кесірткелері маралдар мен қабандарға шабуыл жасайды.
19. Сары шымшықты қызыл бұрышпен жемдесеңіз, қауырсындарының түсі қызғылт түске боялады.
20. Тепе-теңдікті сақтау үшін бүркіттің бір қанатынан түскен қауырсын, екінші қанатынан да түседі.
21. XVIII ғасырда Фридрих әскеріне қарсы соғысқан сарбаздар Мәскеу мен Петербургке тарақандарды алып келген. Оған дейін бұл аймақта тарақандар болмаған.
22. Жаңғақты тазалау үшін 48 сағат бойы суға салып қою керек.
23. Хеопс пирамидасы плиталарының арасынан ұстараның жүзін өткізу мүмкін емес.
24. Финляндияда ер адамдар әйелдерін көтеріп жарысатын сайыс түрі бар. Жеңген адамға әйелінің бойымен пара-пар сыраны сыйға тартады.
25. Бүркіттер ұшып жүріп жұптасады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай