Қазақстандық Тайландта жас баланы қолтырауыннан құтқарып алды

Қазақстандық Вячеслав Попов Тайландта Ресейден келген баланы қолтырауыннан аман алып қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Оқиға Пхукет аралындағы хайуанаттар бағында демалыс күндері болды - мұнда қолтырауындар шоуы ұйымдастырылды. Вячеслав Поповтың айтуынша, ол стадионға кірер жерде тұрған, дәл сол орында шара өтіп жатқан еді. "Бәрі қас пен көздің арасында болды. Мен тұрған кіре беріс жерде қоршау өзге жерлерге қарағанда аласа екен. Белден сәл жоғары", - дейді қазақстандық. - Ал оң жағында гүл бағы болды, ол да аквариуммен шектесіп тұр. Менің жанымнан бір бала жүгіріп өтті де клумбаға шығып, қоршауға мініп алды. Ол қоршаудың арғы бетіне құлап түсті". 

Қазақстандық барлық заттары мен ұялы телефонын тастай салып, баланы құтқаруға асықты. Баланың құлап бара жатқанын көрген Попов оның жедесінен ұстап қалмақшы болады, бірақ бала сонда да құлап кетеді. 

"Сол кезде мен оның аяғынан ұстап алып, кері қарай тартып, қолынан ұстай алдым. Дәл құлаған жерінде 2-2,5 метр болатын бірнеше қолтырауын жатты", - дейді Попов. - Оқиға орнына оның атасы жүгіріп келді, ол абдыраған күйі немересін менің қолымнан тартып алды да кеудесіне басты. Алғысын айтып, рақметін қалай жеткізсе болатынын сұрап жатты. Бірақ мен балаға мұқият қарау керек екенін айттым. Біз танысып, суретке түстік. Бала 5 жаста, Тайландқа Хантымансийсктен келіпті", - деді қазақстандық.

Попов қайсыбір азамат болса да мұндай жағдайда осындай әрекетке баратынын атап өтті. "Мұнда мен ешқандай қаһармандық іс көріп тұрған жоқпын. Мен қажет кезде қажет жерде табылдым. Және спорттық дайындығым, әрине, дереу қимылдап, 25 келі болатын баланы тартып ала қойдым", - деді ол.

Сурет: massaget.kz