Қазақстандық қызықты ашық хаттар

Қазақстандық қызықты ашық хаттар
Фото: tengrinews.kz

Егер сіз сүйіктіңізге өз сезіміңізді білдіргіңіз немесе көңіл көтеретін ашық хат жібергіңіз келсе, онда мына төмендегі ашық хаттар тап сіздерге арналған. Бұл жұмыстың авторлары − Сабина Ахметова мен Алуа Сыпабекова есімді Астана қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары. 

Алуаның айтуынша, мектеп басшылығы қазіргі жастардың төл мерекесіне айналып үлгерген ғашықтар күні - Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күнін атап өтпек болған. Соған сәйкес оқушылар мерекеге неғұрлым көп адамды қызықтыру үшін өзіміздің қазақстандық ашық хаттар жасау идеясы келген екен. Ал Сабина болса, ашық хаттарды қазақ халқының рухани ұлттық құндылықтарына сәйкестендіруге тырысқанын айтады.

1. Сен тап "Бәйтерек" секілдісің, жүрегімнің қақ ортасында орын алған.

2. Сенің көзімнің қарасы, мені естен адастырады.

3.  Сен Назарбаевпісің? Себебі менің жүрегім әрдайым сені таңдайды.

4. Мен сені бешбармақтан қатты жақсы көремін.

 

Дереккөз: TengriMIX 
С. Ерсін