- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Қай ел қоғамдық...
Қай ел қоғамдық көлікте ақысыз жүру жүйесіне өтті?
Люксембург әлемде алғаш рет қоғамдық көлігі тегін болатын ел атанбақ. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.
Пойыз, трамвай, троллейбуста ақы төлеу 2019 жылдан бастап жойылады. Басқарушы орган осы шешім арқылы экологияның қорғау мен кептелістерді болдырмауды көздейді.
Герцогство әлемдегі ең үлкен кептеліс мәселесі бар елге жатады. 2016 жылғы зерттеулер қорытындысы бойынша, Люксембургтің астанасында кептеліс шамамен 33 сағатқа созылған. Бұл осы жерге көрші елдерден жұмыс іздеп келетіндер санының артуымен байланысты. Тұрақты 600 мың адам тұрса, Франция, Бельгия мен Германиядан жұмысқа күнделікті 200 мың адам шекара өтіп келеді екен.
Толықтай тегін жүйеге ауысар алдын бірнеше қадам жасалған. Мысалы, осы жылы қоғамдық көлікте жүру балалар мен жасөспірімдерге ақысыз болды. Ересектердің жолға төлейтін ақшасы 2 евроны құрайды. Өзгерістер инициаторы болған премьер-министр Ксавье Беттель есімді азамат.
А. Оралқызы