Қасқыр тілін түсінетін компьютерлік бағдарлама шықты. Британдық ғалымдар жүз пайыз нақтылықты куәландырып отыр. Ендігі таңнан бастап дала жыртқышының қаупі сейілмек.
"Осы тектес ертеректегі бағдарламалар дауыс тұнықтығына тәуелді болатын. Ал бұл бағдарлама барлық жағдайда қолайлы... Бір айта кетерлігі, қасқыр дауысы жануардың ащы айқайы дегеннен гөрі, таза тілге көбірек келіңкірейді"- дейді зерттеуші Холли Рут-Гуттеридж.
Бағдарламаны құруда ғалымдар шығыс қасқырларының даусы басылған 67 таспаны қолданған. Және баса назарға алатыны, бүкіл қасқыр ұяластарының даусын айқындауға мүмкіндік туыпты.
Ертеректе аталған бағдарламаны жасап шығару сәтсіздікке ұшыраған болатын. Сол тұста зерттеушілер әр қасқырдың өз дауыс ерекшілігі болатындығын алға тартып, көп жағдайда түз жыртқыштарының алыс тумаластарына (басқа қасқырлар шоғыры) сес көрсетумен болатынын анықтай алған-ды.
Зерттеудің маңызды жағы. Өзіміз білетіндей, қауіпті жыртқыштар санатында қасқыр бірінші аталады. Бірінші демекші, аталған жыртқыштардың ауыл шаруашылығында көп залал келтіруімен аты шыққан: күтпеген тұста шабуыл жасап, қойдың қарнын жарып кетуі...
Үлкен аумақты меншіктеріне санап, жиі шолуға шығатындықтан, олар ара-тұра ұяластарын жоғалтып алмау мақсатында ғаламат дауыстарын салады. Ашық әрі зор дауыс алыс аймаққа жетіп тұрмақ.
Жаңа компьютерлік бағдарламаның арқасында қасқыр тілін түсінуге мүмкіндік тумақ.
сурет: lesovod.org.ua
Дайындаған: Фараби Арыстанбек