- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Қар формасындағы әуежай...
Қар формасындағы әуежай салынады
Фото:
Вк
Қытайдың Харбин қаласының жергілікті билігі халықаралық әуежайдың үшінші терминалының жобасына байқау жариялады.
2004 жылы қытайлық Май Джонсон негізін қалаған МАД бюросы оны қарға ұқсас бес тармақты ғимарат түрінде салуды ұсынды. Осылайша, архитекторлар қар жиі жауатын себепті Мұз қаласына айналған Харбиннің ерекшелігін ескеріп отыр.
"Жерге түсіп келе жатқан қар сияқты бұл ғимарат әуе жолдары үшін жұлдызаралық кеңістік құрушы ғажап жаратылыс іспетті көрінеді. Нағыз сәулет өнерінің поэзиясына айналмақ", - деді MAD өкілі ресми мәлімдемесінде. Осы жобаға сәйкес, Харбин әуежайындағы жолаушылар тасымалы жылына 43 млн-ға дейін өседі, 320 мың рейс жасайтын болады.
Т. Раушанұлы