Канадалық музыкант әлемдегі ең жылдам барабаншы атанды

Канадалық музыкант Том Гроссет әлемдегі ең жылдам барабаншы атанып отыр. Ол бір минут ішінде барабанды соғу саны бойынша 2005 жылы Майк Мангини орнатқан әлем ректордына түзету енгізді.

Бұл жетістік Гиннестің рекордтар кітабы өкілдерінің қатысуымен орын алғандықтан, оның есімі күмәнсіз рекордтар кітабынан орын алатын болды. Том Гроссет 60 секундтың ішінде 1208 соққы жасаған екен. Ал экс-рекордшы Майк Мангини болса осы уақыт аралығында 1203 соққымен көзге түскен болатын.

Осылайша 23 жасар Том Гроссет бір минутта 1,2 мың, ал 20 секундта 20 соққы жасап үлгерген әлемдегі екінші адам атанды. Әлем рекордын орнатушының соққыларының жиілігін Drumometer атты арнайы электронды құрылғы есептеп берді. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Q9FrW-Wr-ds#at","width":"450","height":"320"});

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: deccanchronicle.com