- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Қаладағы құстар тез...
Қаладағы құстар тез қартаяды
Қалада өсетін сары шымшық балапандарының геніндегі тұрпат өлшемі ормандағы түріне қарағанда тезірек қысқарады.
Biology Letters журналы швециялық Лундский университеті биологтарының ғылыми мақаласын жариялады. Авторлар қалада және табиғи ортада (орманда) өскен балапандардың дамуын зерттеген. Жұмыртқаны жарып шыққандардың он бесінші күнде қаны алынып, геніндегі тұрпаты өлшенді.
Бұл хромосомалар еш генетикалық ақпаратты тасымалдамайды. Жасушалар көбейіп, ген екіге бөлінгенде және ДНК-полимераздарының ақуыздар жұмысы кезінде тұрпат өлшемі біртіндеп азаяды. Бұл үдеріс қартаю үдерісіне қомақты үлесін қосып, оның индикаторы бола алады деп саналады.
Швециялық биологтар тәжірибеге қатысқан балапандардың тұрпат өлшемін өлшегенде қаладағы сары шымшықтарда бұл көрсеткіш ормандағы құстарға қарағанда орташа алғанда 11% аз. Орманнан қалаға көшірілген құстарда да жасушаларының «тез қартаюы» байқалған.
Дереккөз: inform.kz
Е. Жұмабайұлы