Ливия соты елдің бұрынғы көшбасшысы Муаммар Каддафидің ұлы Сейф әл-Исламды өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды The Guardian. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Сот отырысы кезінде Сейф әл-Ислам Каддафи кінәсіз екенін айтты. Оның айтуынша, ол азаматтық соғыс кезінде әкесінің баспасөз хатшысы болған, бірақ соғысқа қатыспаған.
Триполи қылмыстық соты сегіз жоғары лауазымды шенеунікті де ату жазасына кесті, олар - Каддафидің тұсында жоғары қызметте болғандар. Олардың барлығына 2011 жылы 17 ақпандағы революцияда бейбіт шерушілерді өлтіруге арандатты және шеруді басу үшін жазалаушы жасақ құрды деген айып тағылды. Сонымен қатар, олар сыбайлас жемқорлыққа ұрынды деп айыпталды.
Айта кетейік, бұл елде көшбасшы Муаммар Каддафи 2011 жылы өлгеннен кейін дағдарыс басталып, қос билік орнады.