2017 жылдың аяғында Жаңа Зеландия тумасы, эколог Триша Фаррелли жылтырақтар өндірісін әлем бойынша тоқтату туралы ұсыныс білдірген болатын. Косметика саласында жиі қолданылатын жылтырақ глиттер ұсақ пластикадан жасалады және олар қайта өңдеуге келмейді. Осы себепті глиттер ғаламшарды ластаушы заттардың қатарын бастап тұр. Статистика бойынша, глиттер ауланған әрбір үшінші балықтың ішінен табылады екен. Ғалымдар 2050 жылға қарай мұхитта балықтан гөрі пластика саны көбірек болады деген тұжырымға келіп отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы АҚШ-та косметикалық өнімдер құрамына пластика қосуға тыйым салынды. Биыл мұндай заң Британия мен Жаңа Зеландияда қабылданады.