Ғарыштың осы керемет құбылысын Италияның миллиондаған тұрғыны тамашалаған. Атмосферада жанып кететін комета жарықшақтарын метеорит жауыны деп те атайды. Аңыз бойынша бұл – әулие Лаврентийдің көз жасы.
Бұл күні елдің бәрі көше шамдары көзге ұрмайтын жерлерге ұмтылады. Римдегі террасалардың бірінде астрономдар жарықты өшіріп, келушілер үшін бірнеше телескоп орнатқан. Метеорит жауынын жыл сайын тамыз айында көруге болады. Свифт-Таттл кометасының жарықшақтары бұршақтан да кіші және сағатына 212 мың шақырымдық жылдамдықпен құлайды. Биыл 10 минут ішінде аспаннан жауған осындай 33 жұлдызды көруге болады.
Дереккөз: 24.kz