- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Жүкті әйелін 9...
Жүкті әйелін 9 ай бойы суретке түсірген жігіттің видеосы көпшіліктің жүрегін жаулады
Жүкті әйелін 9 ай бойы суретке түсірген жігіттің видеосы көпшіліктің жүрегін жаулады. Біреу үшін 9 ай - 270 күн, ал біреу үшін - бар болғаны - 90 секунд, - деп жазады Tengrinews.kz sviter.co сайтына сілтеме жасап.
Дэвид есімді жігіт әйелінің жүкті екенін естіген сәтте бұл процессті камераға түсіріп отыруды ұсыныпты.
"Енді бұл жұп тұңғыш балаларын қаншалықты және қалай күткендері туралы естелікті әрдайым көріп, естеріне алатын болды. Сонымен қатар, олар сәбилері ер жеткенде оған видеоны көрсетіп, оны қаншалықты қатты күткендерін осылайша жеткізбекші", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, бұл видео жарияланғаннан кейін бірнеше күннің ішінде оны 1 миллион 200 мыңға жуық адам тамашалаған, жүздеген қолданушы пікір қалдырып, мыңдаған адам "ұнайды" белгісін басыпты.
М. Бисембаева