Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің нұсқасы бойынша 2017-2018 жылдардағы әлемдегі жолдары ең жақсы және ең нашар елдердің рейтингі жасалды. Қазақстан жол сапасы бойынша бұл тізімде жоғары орында емес. Рейтингке әлемнің 137 елі енген. Жол сапасы ең жоғары 7 баллмен бағаланған. Алайда бұл баллға бірде-бір ел ие болмаған. Жол сапасы ең жақсы елдер көшін Біріккен Араб Әмірлігі бастап тұр. Бұл елдің жолы 6,4 баллмен бағаланған. Екінші орында Сингапур тұр. Бұл елдің көрсеткіші 6,3 балл. Үздік үштікті дәл осындай нәтижемен Швейцария елінің жолдары түйіндеген. Үздік ондыққа Гонконг (6,2), Нидерланд (6,1), Жапония (6,1), Франция (6,0), Португалия (6,0), Австрия (6,0) және АҚШ (5,7) елдері енген. Жол сапасы ең нашар елдер тізімінде Мавританияелі алда тұр. 7 баллдан бар болғаны 2-н ғана алған. Конго Демократиялық Республикасы мен Гаити елдерінің жолдары 2,1 баллмен бағаланған. Сондай-ақ бұл тізімген Мадагаскар (2,2), Гвиней (2,2), Йемен (2,3), Парагвай (2,4), Украина (2,4), Мозамбик (2,5) және Молдова (2,5) елдері енген. 2,9 баллмен бағаланған Қазақстан бұл рейтингте 115-орында тұр.