- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- «Жоқтығымен» әйгілі мемлекеттер...
«Жоқтығымен» әйгілі мемлекеттер
Ватикан кішкентай мемлекет болса да онда сот мекемесі, күзет әскері, мерзімді баспасөз, радио-телевидение және пошта мекемелері бар. Мемлекет ішінде көптеген үлкен құрылыстар жүреді. Мысалы, хан ордасы, академиялар, шіркеулер және ойын-сауық орындары. Мұнда халық тұрмысына қажетті бір ғана орын жоқ. Ол – шаштараз. Адамдар шашын алдыру үшін Италияға барады екен.
Бутан мемлекетінде жасы үлкен адамдарға сақал қоюға рұқсат етілген болса да, бірде-бір адам сақал қоймайды. Өйткені, сақал қойған адам әдеп-ибадан жұрдай адам ретінде қаралады екен.
Сан-Марино елі Еуропадағы Апеннин жарты аралында орналасқан. Төрт жағын Италия мемлекеті қоршаған. Көлемі - 6 шаршы шақырым, халық саны - 23 мың. Сан-Мариноның тарихтан бері әскери қосыны жоқ. Тіпті өрт өшіру мекемесін де жолықтыра алмайсыз. Сан-Маринода тек аздаған тәртіп сақшысы ғана жұмыс істейді. Егер бұл мемлекетте өрт бола қалған жағдайда, Италия елі көмекке келеді екен.
Еуропадағы көптеген мемлекеттер «13» деген саннан қатты «қорқады». Адамдар 13 нөмірлі орында отырмауды, 13 орында кино көрмеуге, 13 нөмірлі есікке кірмеуге тырысады. Олар бұл санды қатты ырымдайды. Егер 13 санын қоюға тура келсе «12А» немесе «14Б» деген сияқты белгілермен көрсетуге тырысады.
Кеме, ұшақты сынақ ретінде пайдалану уақытын айдың 13 күніне мүлде қоймайды. Осы күнге тура келген мерекелер де амалын тауып басқа күнге ауыстырылады екен.
Тынық Мұхиттың оңтүстік батыс бөлігіндегі Фиджи аралдарында орналасқан Фиджи мемлекеті - әлемдегі бірден-бір рак (қатерлі ісік) ауруы жоқ мемлекет. Жергілікті тұрғындардың басқа елмен салыстырғанда ас тұтынуы мүлдем бөлек. Олар өрік жеуге қатты құштар. Өрікті және өрік дәнін жеу арқылы жемістің құрамындағы В17 дәрумені адам денесіне көп болады. Ал оқымыстылар оның қатерлі ісік ауруына емдік қасиеті бар екені дәлелдеген.
Сурет: merzha.com.ua
M. Auelkhan