Елу жеті жастағы Флорида тұрғыны жиырма үш жыл бойына гамбургер өнімдерін жинаумен келеді. Гарри Сперл үшін фаст-фуд өнімдері америкалық мәдениеттің қайталанбас бөлшегі саналады. Аталған азаматтың бүгінде өз үйінің төрінде “Burgerbilia” көрме экспонаты ашылған.
Көрме ішінен телефон, шам түріндегі, тіпті, көрпе-көншектері бар төсек-гамбургерлер де кездеседі. Үй жиһаздары мен тұрмысқа қажетті қажеттіліктер де фаст-фудқа бір қатысты байланыстырылады.
Неміс азаматының бұл қызығушылығы балалар дүкенінен гамбургер ойыншықтарын сатып алудан басталған екен. Арада холестеринмен қиындықтар туындап жатса да, гамбургерді жақсы көруін жалғастырып келе жатыр.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Ix6nGk_7B4I","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: pixanews.com